top of page

Сабақтың тақырыбы: Математикалық  модельдеудің негізгі принциптері. Модель арқылы зерттеу объектілерінің талдануы

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Білім алушыларға Математикалық  модельдеудің негізгі принциптеріvмен  таныстыру, АСУ ТП пәнінен мамандыққа байланысты терминдерді меңгерту.

Модель құрастыруға дағдыландыру

 

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:    

  • Формула жаза алады.Модель турлерімен жұмыс істей алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Модельдеу принпиптерінің системадағы орны мен қасиеттерін көрсете біледі. модель орындауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

  • Оқушы өзі модель жасап немесе берілген модельді жетілдіре алады. Және инновациялық ізденуде өз үлесін қосады.

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар:    

  • Формула жаза алады.Модель турлерімен жұмыс істей алады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Модельдеу принпиптерінің системадағы орны мен қасиеттерін көрсете біледі. модель орындауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

  • Оқушы өзі модель жасап немесе берілген модельді жетілдіре алады. Және инновациялық ізденуде өз үлесін қосады.

Құндылықтарды дарыту

Эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдаланғанда ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке баулу

Алдынғы білімдері

Модель турлері

Пәнаралық байланыс

Химия, Физика, Информатика, Робототехника, Арнайы пән

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың  барысы

_5__ мин

 

Психологиялық ахуал

Амандасу, радуга әдісі арқылы топқа бөлу

Өткен материалды қайталау:

 «Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылар бір біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Таратпа материалдар суреттер

Микрофон

 

 

Сабақтың ортасы

_20__ мин

 

Математикалық модель дегеніміз — математикалық қатынастар түрінде жазылған, техникалық объект немесе құбылыс туралы білімдердің, ұсыныстардың және ғылыми болжам жиынтығы.

 Математикалық модельдеу дегеніміз - математикалық модельге кіретін теңдеулерді аналитикалық, сандық (ЭЕМ-да), немесе аналогтық (АЕМ) шешу жолымен оның математикалық моделі бойынша объектіні немесе құбылысты зерттеу процесі.

 Математикалық модельдеудің түрі – имитациялық модельдеу.

 Зерттеу объектілері (ЗО) — электр жетегімен қимылға келтірілетін машиналар, механизмдер, технологиялық желілер, сондай-ақ осы жүйелердің элементтері: автоматтық реттеуіштер; түзеткіш буындары; сүзгілер; сигналдарды беру және шектеу блоктары; датчиктер; жеке электр тізбектері [1].

 Физикалық құрылғысына қарамай кез келген құрылғыларды жобалау кезіндегі кейбір  жалпы  түсініктерді айтып кетейік.

 Жобалау құрылғысының  элементтерінің параметрлері – ішкі параметрлер деп аталады. Құрылғының  жұмыс істеу сапасын  бағалайтын параметрлері – шығыс параметрлері деп аталады. Сыртқы ақпараттық сигналдарының құрылғыға  әсер беретін параметрлері – кіріс, ал қоршаған ортаның параметрлері – сыртқы параметрлері деп аталады  [1].

 Кез келген зерттеу объектісін "қара жәшік" ретінде қарастыруға болады.

Осындай алмастыру Лаплас түрлендіру деп аталады. P және s әріптер бір ұғымды білдіріп – Лаплас операторы деп аталады. (4.1), (4.2) және (4.3) формулалар тікелей алмастыруын көрсетеді. Лаплас түрлендірулерідифференциал теңдеулерін қарапайым алгебралық теңдеулер түрінде келтіруге болдады, оларды шешу оңай болады және оларды беріліс функцияларын жазу түрінде қолданады.

Беріліс  функциясы  - Лаплас бейнелеуі шығыстың кіріс сигналының қатынасы болып табылады [2].  4.1 суретте көрсетілген сұлбаның беріліс функциясын келесі түрде жазуға  болады:

 

1.  «Математикалық модель» дегеніміз не?

2.  «Математикалық  модельдеу» дегеніміз не?

3.  «Зерттеу объектісі» дегеніміз не?

4.  Құрылғыларды жобалау кезіндегі параметр топтарын сипаттаңыз.

5.  «Қара жәшік» ұғымдарына не жатады?

6.  Лаплас түрлендіруі дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

1.)Беріліс  функциясын ашкан галым.

2.)тендеуі Ньютон занынын жалпыланган формасы болып табылады.

 3.)кез келген туйіннін барлык токтарынын косындысы нолге тен.

 

 

Оқушы шығармашылық жұмыс жасайды.

 

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды топтар бірін бірі.

№ 1 қосымша

Жаңа тақырыптар жазылған  таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 үлгі

Сабақтың соңы

__15_ мин

 

 Рефлексия:

Чемодан   (маған қажет),

Еттартқыш   (қайта қарастыру қажет),

 

Қоқыс жәшігі  (маған қажет емес)

Өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады

Стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

bottom of page