top of page

Оқу орны: Павлодар техникалық колледжі

Мұғалімнің аты – жөні: Кенжебаева З.Д.

Сабақтың тақырыбы: Газэлектрдәнекерлеушінің жұмыс орнының қауіпсіздігі. Септік жалғаулары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Білім алушыларға газэлектрдәнекерлеушінің жұмыс орнының қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, ережені үнемі орындап отыруға дағдыландыру

Қазақ тілі пәнінен мамандыққа байланысты терминдерді меңгерту.

Септік жалғауларды қайталату арқылы, мемлекеттік тілде сөйлем құрастыруға дағдыландыру

 

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:    

  • Мәтінмен жұмыс.Жалғауларды анықтау.Қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Дәнекерлеуде қолданылатын химиялық элементтердің периодтық системадағы орны мен қасиеттерін көрсете біледі.Қауіпсіздік ережелерін орындауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

  • Оқушы өзі қауіпсіздік техникасын жетілдіре алады. Және қорғануда өз үлесін қосады.

Бағалау критерийі

Барлық оқушылар:    

  • Мәтінмен жұмыс.Жалғауларды анықтау.Қауіпсіздік ережелерімен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Дәнекерлеуде қолданылатын химиялық элементтердің периодтық системадағы орны мен қасиеттерін көрсете біледі.Қауіпсіздік ережелерін орындауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

  • Оқушы өзі қауіпсіздік техникасын жетілдіре алады. Және қорғануда өз үлесін қосады.

Құндылықтарды дарыту

Эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдаланғанда ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке баулу

Алдынғы білімдері

Элементтердің химиялық қасиеттері. Металлдардың физикасы

Пәнаралық байланыс

Химия, Физика, Информатика, Робототехника, Арнайы пән

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың  барысы

_5__ мин

 

Психологиялық ахуал

Амандасу, мозайка әдісі арқылы топқа бөлу

Өткен материалды қайталау:

 «Ыстық микрофон» әдісі арқылы оқушылар бір біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Таратпа материалдар суреттер

Микрофон

 

 

Сабақтың ортасы

_20__ мин

 

«Кезбе тілші» әдісі топ мүшелері 5 рөлге бөлінеді: көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы хатшы, баяндамашы .Әр топ басшысы сыныпқа келген  хатарды біреуін таңдайды. хатта жаңа сабақтың мәтіні берілген.Берілген мәтінді топта талқылап  сұраққа жауап береді.

 Дәнекерлеушінің жұмыс орны таза және ұқыпты болуы керек. Жұмыс істеуге кедергі келтіретін ештеңе болмауы тиіс. Құрал жабдықтар тұрақты күйде сақталуы керек. Дәнекерлеуші көзін және бет жағын сәулеленуден және технологиялық процесстердің басқа да зиянды әсерінен қорғануы үшін, бетперде, қалқан, қолғап және  арнайы киімдерді киеді. Пісіру жұмыстары дәнекерлеушінің  тәжірибесіне, шеберлігіне байланысты болады.  Дәнекерлеуші пісіру барысында аргон, ацитилен, оттегі, пропан сияқты химиялық газдарды қолданады. Дәнекерлеуші болат, мыс, платина, титан, қалайы сияқты металлдарды және шойын, нихром сияқты құймаларды да  пісіреді.

Дәнекерлеу кезінде электр қауіпсіздігі тек қызмет көрсететін және жерге қосылған жабдықты пайдалануды талап етеді Барлық электрлік құрылғылардың сенімді және жоғары сапалы жерге тұйықтау және бейтарап жерге тұйықтауы болуы керек. Барлық сымдардың ашық жерлері арнайы резеңке муфталармен жабдықталуы керек. Қатты жаңбыр немесе қар жауған жағдайда жұмыстар тоқтатылады;барлық кабельдер мен сымдар дұрыс оқшауланған болуы керек

Газ генераторларын пайдалану кезінде аса қауіпті жұмыс. Газ дәнекерлеу жабдықтарын өңдеу пісіру кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды талап етеді. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, оларды кислородтық цистерналар, жертөлелерде және баспалдақтарда орнатуға тыйым салынады. Құрылғыға немесе цилиндрге бірнеше қыздырғыштарды немесе кескішті қосу арқылы жұмыс жасауға тыйым салынады. Автоматтандыру жүйесін рұқсатсыз өшіруге тыйым салынады, майланған арнайы киімде немесе май дақтары бар қолғаптарда жұмыс істейді.

 

  1. Мәтінге ат қойыңдар!

  2. Жаңа сөздерді сөздік арқылы орыс, ағылшын тілдеріне аударыңдар.

  3. Мәтіннен көптік жалғауы жалғанған сөздерді септеңдер?

  4. Металлдардың периодтық системадағы орны және қасиеттері.

  5. Жәй зат және құймалар!

  6. Электр және газбен дәнекерлеудің ерекшеліктерін салыстыру.

 

                                           КОНТЕЙНЕР:

 

         Берілген сөздерді екі контейнерге орналастыру.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР                                        АРНАЙЫ КИІМ

Электрод, қалқан, бетперде, қолғап,аяқ киім, күртеше, металл щеткасы, кескіш балғалары, электродты ұстаушы.

Суретпен жұмыс

                Әр студентке сурет таратылады. Студент суретте бейнеленген зат атауларының қасиетін, маңызын түсіндіреді.

 

Тиісті қосымшаларды орнына қойып, сөйлемдерді оқыңдар.

Мен дәнекерлеу барысында МР3 маркалы электрод (-ты,-ды, -ны,-ні) қолданамын.

Жұмысты бастамас бұрын құрал-жабдықтар (-тың, -тің , -дің, - дың) дұрыстығын тексеремін. Ацетилен немесе пропанмен жұмыс жасағанда бөлме.. (-ның,- нің) желдетілуін қадағалаймын.Арнайы киімді кимей жұмыс.. (-ты,-ті) бастамаймын.

 

Формулалар әлемі

 

ТЕМІР                      МЫС                  АЦЕТИЛЕН          ПРОПАН

Мен өзім жұмыс орнымдаауаға газдың бостан-бос шығып кеткенінен уланып қалмауы үшін, қандай әрекет жасаймын!

 

  1. Физика

  2. Робототехника

  3. Химия

Осы ғылымдарды пайдаланып, сақтану жолдарын ұйымдастыру.

Кілтті сөздер (конвенция, датчик газа, бактериялар, Pasco датчиктері)

                          (Оқушылар конвенция-ауа ағыстарының қасиетін бөлмені желдету арқылы дәлелдейді) мысалы: Даладан кіретін салқын ауа бөлменің жылу ауасын жоғары көтеріп, желдеткіштен алып шығады.

            Бөлмеге Pasco немесе Arduino  газ датчигін орнату.

  Бәсендеткіш рекативтер арқылы дәнекерлендегі от ұшқындарынын сөндірілуіне жағдай жасау

 

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды топтар бірін бірі.

№ 1 қосымша

Жаңа тақырыптар жазылған  таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 үлгі

Сабақтың соңы

__15_ мин

 

 Рефлексия:

Чемодан   (маған қажет),

Еттартқыш   (қайта қарастыру қажет),

 

Қоқыс жәшігі  (маған қажет емес)

Өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады

Стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

bottom of page